Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Жасыл Даму" АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау "Жасыл даму" АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.

"ӨКМ Операторы" ЖШС функциялары "Жасыл Даму" АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді. 

Еске салсақ, 19 қаңтарда "Оператор РОП" утиль алымын әкімшілендіру және тиісті құралдарға билік ету бөлігінде өз қызметін тоқтатқан болатын. Осыған байланысты Қазақстанда көліктерді утилизацияға қабылдау жаңа мөлшерлемелер бекітілгенге дейін уақытша тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1954398-elimizde-utilizaciyalyq-tolemderdi-qabyldau-zuiesi-qaita-iske-qosyldy/

pixel