Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министр: Утильдік алым мөлшерлемесін айтарлықтай азайту мәселесі қаралып жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда утильдік алым мөлшерлемесін азайту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар және су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларді іске асыру жалғасын табады.

Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасының утильдік алым мөлшерлемесін айтарлықтай азайту мәселесі қайта қаралып жатыр.

Сондай-ақ, сарқынды суларды ағызу көлемін, технологиялық қажеттіліктерге тұщы суды тұтынуды азайту үшін шаралар қабылданатын болады", - дейді ол.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955118-premer-ministr-utildik-alym-molserlemesin-aitarlyqtai-azaitu-maselesi-qaralyp-zatyr/

pixel