Алматыда көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді
Опубликовано:

Алматының Медеу ауданында көпбалалы әрі осал отбасыларға көмек көрсетілді. Мұндай жанұядан шыққан балаларға қайырымдылық акциясы өткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігінің қолдауымен жіне "Бақытты отбасы" орталығы, "Родник" әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы қоғамдық қоры" Медеу ауданының әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан 45 балаға қайырымдылық акциясын өткізді.
Балаларға мектеп керек-жарақтары, коронавирус инфекциясынан қорғануға арналған керекті жарақтар бар сөмкелер берілді.
Бұл қайырымдылық акциясы Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі және адам құқықтары жөніндегі уәкілдіктің қолдауымен жүзеге асырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955259-almatyda-kopbalaly-otbasylarga-komek-korsetildi/