Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуануға әлі ерте": Утильалым туралы Смайыловтың мәлімдемесіне қоғам белсендісі пікір білдірді

Опубликовано:

көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

"Утильалымға жол жоқ" қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі Нұраддин Садықов премьер-министр Әлихан Смайыловтың утилизациялық алымының мөлшерлемесі жөнінде жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Утилизациялық алымды төмендету мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсендісі бұл мәлімдемені "дұрыс қадам" деп бағалады.

"Біріншіден, бұл кезекті "шағын жеңіс" деп айтуға болады. Бірақ қуануға әлі ерте. Себебі "утилизациялық алым айтарлықтай төмендетіледі" деген сөз әлі нақты цифр емес. Яғни, "қанша пайызға немесе қанша есеге төмендейді?", деген сұрақ әлі көкейде қалып отыр.

Менің білуімше, индустрия және сауда министрлігі әлі толыққанды мөлшерлемені бермеген, немесе тапсырма берілген, бірақ оны әлі орындау үстінде, сондықтан нақты цифр жоқ. Тағы бір айта кетерлігі - индустрия және сауда министрлігі экология министрлігіне әлі өздерінің мөлшерлемелерін бермеген сыңайлы.

Берсе біздің қолда болар еді. Бұл талқыланбаған. Индустрия және сауда министрлігі бізге қандай тосынсый дайындап отырғаны белгісіз. Сол себепті қуануға ерте деп отырмын. Күтеміз", - деді ол журналистерден келіп түскен сауалдарға жауап бере келе.

Қоғам белсендісі ел көңілін алаңдатар тағы бір мәселені атап өтті.

"Ауылшаруашылығы техникасына қатысты утилизациялық алым мөлшерлемесі де айтарлықтай төмендейді деген жаңалық. Бұл біздің сұрағанымыз емес. Біздің сұрап отырғанымыз - ауылшаруашылығы техникасына утильалым түгел алынып тасталсын деген талап. Қалай болғанда да, индустрия және сауда министрлігінің ставкаларға қатысты мәлімдемесін күтеміз", - дейді Нұраддин Садықов.

Айта кетейік, үкімет басшысы елімізде утильалым айтарлықтай төмендетілетіні жөнінде мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955542-quanuga-ali-erte-util-alym-turaly-smaiylovtyn-malimdemesine-qogam-belsendisi-pikir-bildirdi/

pixel