Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экономист: 4 пайыздық автонесие отандық өнімге сұранысты төмендетуі мүмкін

Опубликовано:

Машина
Көрнекі фото: pixabay.com

Экономист Мақсат Халық утилизациялық алым азайса, отандық көліктерге де сұраныс бұрынғыдай болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оның cөзінше, "ӨКМ Операторы" утилизациялық алымға байланысты шу болғандықтан, бұл мәселені әдейі көтеріп отыр.

Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындап жатыр. Оған бірнеше ай керектігі де айтылды.

Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуге 250 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

"Оның 150 млрд теңгесі мемлекеттік бюджеттен және тағы 100 млрд теңгесі "ӨКМ Операторынан" утилизациялық алымнан жиналған ақшадан бөлінуі мүмкін. Бұл сома халықтың осал топтарына бастапқы жарнасыз, 4 пайызбен автонесие беруге жұмсалады", – деп хабарлады ведомсвто өкілдері.

Бұған қатысты Мақсат Халық өз пікірін білдірді.

"Бұл утиль алымның айналасында болып жатқан дауды басу үшін, халықтың назарын сол жаққа қарай аудару үшін 4 пайыздық несиені жандандырамыз деген мәселені айтып бастады деп ойлаймын. Негізінде сол утиль алымды алып отырған ұйым солардың ұсынысы болатын. Менің ойымша бұл халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін болып тұрған секілді. Бірінші кезекте утиль алым бойынша нақты ставкаларды шешіп алу керек. Содан кейін ғана жеңілдетілген несие туралы әңгіме айтуға болады", - деді экономист.

Ал утилизациялық алымның мөлшері айдың аяғында белгілі болмақ. Жоспарға сай, алым көлемі төмендеуі тиіс. Бұл жағдайда отандық көліктерге сұраныс азаюы мүмкін. Себебі алым арзандаса, қазақстандықтар сырттан жаңа көлік алып келуге тырысады, деп болжады сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955695-ekonomist-4-paiyzdyq-avtonesie-otandyq-onimge-suranysty-tomendetui-mumkin/

pixel