Мұнай қымбаттаса, Қазақстанға қандай кері әсері болады

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі сурет: Pixabay

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай қымбаттауының оң және теріс жақтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Иә, мұнайдың бір баррелі 96 доллар болатыны туралы жаңалық шықты. Мұнайдың бағасы жоғары болса, бірінші кезекте бюджет пен Ұлттық қорға түсетін кіріс жоғары болады. Ведомство биыл 87,5 млн тонна деңгейінде мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның 17,9 млн тоннасы ішкі өңдеуге бағытталады", - деді Болат Ақшолақов.

Министр қалған мұнайдың бәрі экспортқа шығатынын ескерсек, бюджетке түсетін салық көбеюі мүмкін екенін айтады. Дегенмен, ол бұл тенденцияның кейбір жағымсыз жақтары да бар екенін ескертті.

"Мұнай бағасы өте жоғары болса, аса жақсы емес. Өйткені барлық біріктірілген шығын материалдарының: құбыр өнімдерінің, химиялық реагенттердің бағасы өседі. Яғни, мұнайды алуға қажет және мұнайда алынатын түрлі матералдар қымбаттайды.

Кейін мұнай бағасы түскенімен, әлгі бұйымдардың бағасы сол күйі қалып қояды. Мұнай өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде осыдан зардап шегуде. Сондықтан, менің ойымша, ыңғайлы дәліздің шегі, 80 доллардан (бір баррель үшін. –ред.) сәл жоғары болса, әрине, жақсы. Мұны әлемдегі нарық көрсетеді", - деп түйіндеді энергетика министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1956055-munai-qymbattasa-qazaqstanga-keri-aseri-bola-ma-energetika-ministri-zauap-berdi/