Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Капиталдың жеткілікті болуы және жақсы өтімділік: Нұрбанк тұрақтылығы қалай айқындалады

Опубликовано:

Нұрбанк
Фото: «Нұрбанк» АҚ

Аудит жүргізілмеген қаржы есептілігінің, алдын ала жасалған қорытындысы бойынша банктің таза табысы 2,1 млрд теңгені құрайды.

Жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге қарамастан «Нұрбанк» АҚ экономиканың нақты секторын белсенді қаржыландырып, 01.01.2022 жылға несиелік қоржынын 260 млрд теңгеге дейін өсірді, ол өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 26 млрд теңгеге немесе 11,2%-ға көп екенін көрсетеді. Бұл ретте (NPL) проблемалы қоржынның көлемі жалпы несиелік қоржынның 6,31%-ын құрайды.

Аса кредиттік белсенділікті банк ірі корпоративтік, орта, микро- және шағын бизнесте танытты. Корпоративтік кредиттеу 16,4 %-ға артып, 124,2 млрд теңгелік межеге жетті. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсті.

Қарыз беру нарығының жалпы бәсеңдеуіне қарамастан банк кредиттеуден сәтті машықтануда, бұл ретте оны өз ресурсі есебінен де бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың есебінен жүзеге асыруда. Корпоративті бизнесті банк кредит берудің классикалық үлгісі ретінде ғана емес, жоғары әлеуеттік сатылым арнасы ретінде де біледі. Ол тез арада, шағын және бөлшек сауда бизнес сияқты басқа сегменттерде клиенттік базаны кеңейтуге мүмкіндік береді.

Клиенттерге қолдау көрсету мақсатында банк 2021 жылы мемлекеттің бағдарламаларына қатысып, пандемиядан зәбір көргендер мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне бүкіл кредиттер бойынша төлем жасауда жеңілдік жасады. 80 млрд теңгені құрайтын құнсыздану белгілері бар (3-саты қарыздары) қарыздар бойынша банк жеткілікті көлемде (50% деңгейінде) провизия құрды, ол дегеніміз, кредиттер қайтарылмаған жағдайда, «қауіпсіздік амалы» қамтамасыз етілгендігін білдіреді.

«Қарыз алушылардың көпшілігі тұрақты әрекет етуде, бірақ қарыздарды белгіленген мерзімде өтеуде уақытша қиындықтар шегуде. Бұл орайда, қарыз алушылардың қарыздары тиісті кепіл заттарымен қамтамасыз етілген. Бұрын айтқанымыздай, банк өз клиенттерінің әріптесі болып табылады да қарыз алушылардың көңіліне қарай жеке төлем кестесін жасауда, қарыз алушылардың бизнесін қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануда және де кепілзаттық мүлікті тез арада сатып жіберуге құлық танытпайды. Қарыз алушы тұрақты әрі ауқатты болуына қарай ел экономикасы да тұрақты болмақ. Сондықтан да үшінші саты қарыздарының көрсеткіштері арқылы банк өз клиенттеріне қаншалықты ашық және жағымды екенін бағалауға мүмкіндік береді», - деп бөлісті тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Элиза Қозыкеева.

Банк тұрақтылығының негізгі көрсеткіші болып табылатын капиталдың жеткілікті болуы деңгейі реттеуші орган белгіленген нормативтерден бірнеше есе (22%) артады.

Активтердің көп бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздары мен Ұлттық Банктің ноталарына орналастырылған, банк активтері мөлшерінің 35 %-ын құрайтын өтімділіктің жоғары деңгейі банкке 2022 жылы да белсенді кредиттеу мүмкіндігін береді.

Тұтастай алғанда өткен жыл банк үшін жаман болған жоқ, оның нәтижелерін ағымдағы жылы жақсартуға негіз қалады. Қаперлеріңізге сала кетейік, кредиттік тәуекелдерді бағалауға байланысты тәуелсіз зерттеулер мен эталондық көрсеткіштер беру саласындағы әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылатын «S&P Global Ratings» халықаралық рейтингілік агенттігі 2022 жылдың қаңтарында «Нұрбанк» АҚ-тың кредиттік рейтингі «В-/В» деңгейде, болжам – «Тұрақты» екендігін растады.

*Материал "Нұрбанк" АҚ-ның қолдауы бойынша әзірленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1956393-kapitaldyn-zetkilikti-boluy-zane-zaqsy-otimdilik-nurbank-turaqtylygy-qalai-aiqyndalady/

pixel