Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл қай валюта долларға бәсекелес болады

Опубликовано:

Ақша
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Отандық мамандар 2022 жылы Америка долларына қарағанда британ фунты әлдеқайда сенімді әрі тұрақты болуы мүмкін деген пікірде. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Англия банкі жүргізіп отырған саясаттың арқасында ол АҚШ валютасына бәсекелес бола алады.

"Прайм" агенттігіне "Финам" қаржы тобының аналитигі Андрей Маслов айтқандай, көктемнің алғашқы айында Федералды резерв мөлшерлемесін арттыру жоспары аясында доллар салымдарға арналған әлдеқайда тартымды валюта болып отыр.

"Сенімділік қағидасы бойынша қорғаныш валюталарын қарастыру кезінде иен, еуро мен франкке сенім артудың қажеті жоқ. Өйткені биыл бұл елдердегі орталық банктер қатаң шара қабылдамады. Сол себеп мтіөлшерлемені арттыруы екіталай", - деді аналитик.

Сарапшың сөзінше, Англия банкі 2004 жылдан бері екі рет қатарынан мөлшерлемені өсірген.

Аналитиктер британдық жауапты ведомство инфляцияға байланысты мұны жалғастыра береді, деген пікірде. Нәтижесінде фунт доллардың бәсекелесіне айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957064-biyl-qai-valyuta-dollarga-basekeles-bolady/

pixel