Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар бағамы күрт көтеріліп кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Бүгін, 22 ақпанда елімізде доллар бағамы күрт көтерілді. 1 шетел валютасы 433,39 теңгеге дейін жетіп отыр. Бұған Қазақстан қор биржасының ресми порталындағы соңғы деректер дәлел.

Доллардың таңғы саудадағы бағамы бір бірлік үшін 431,06 теңгені құраған.

Күндізгі саудада 433,39 теңгеге дейін көтерілгенін аңғару қиын емес.

Осылайша, шетел валютасы бір тәулікте 5,02 теңгеге қымбаттап отыр.

NUR.KZ-тің айырбастау бағамы туралы бетіндегі мәліметтерге көз жүгіртсек, долларды төмендегі бағамен сатып алуға/сатуға болады:

  • Нұр-Сұлтан: сатып алу - 434–тен 436,8 теңгеге дейін; сату - 439–дан 441,3 теңгеге дейін;
  • Алматы: сатып алу - 432-ден 436,8 теңгеге дейін; сату - 435-тен 441,3 теңгеге дейін;
  • Шымкент: сатып алу - 434-тен 436 теңгеге дейін; сату - 439-дан 441,3 теңгеге дейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957334-elimizde-dollar-kurt-koterilip-ketti/

pixel