Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпбалалы отбасыларға төленген жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 27 млрд теңгенің жәрдемақысы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді:

төрт балаға - 49 100 теңге бес балаға - 61 383 теңге алты бала - 73 666 теңге жеті балаға - 85 948 теңге сегіз балаға - 98 016 теңге тоғыз балаға – 110 268 теңге он балаға – 122 520 теңге он бір балаға – 134 772 теңге он екі балаға – 147 024 теңге он үш балаға – 159 276 теңге

Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957460-kopbalaly-otbasylarga-tolengen-zardemaqynyn-molseri-belgili-boldy/

pixel