Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар бағамы 460 теңгеге дейін өсті
Опубликовано:

24 ақпанда елімізде АҚШ валютасы күрт қымбаттады. Қазақстанның кейбір ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 460 теңгеге дейін өскен.
Кurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыда бір доллар 463-466 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу 458-460 теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің ресми сайтында техникалық себептерге байланысты қор нарығындағы сауда-саттық сағат 12.00-де ашылатынын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957641-qazaqstannyn-aiyrbastau-punkterinde-dollar-bagamy-460-tengege-deiin-osti/