Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қанша пайызға көтерді
Опубликовано:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаржы ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.
Айта кетейік, Ұлттық банк осы жылдың қаңтар айында ғана базалық мөлшерлемені жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957706-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-qansa-paiyzga-koterdi/