Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазір Ресейден көлік алып келген тиімді ме: Сарапшылар пікір білдірді

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

"Астана моторс" компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев пен Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының стратегиялық даму жөніндегі директоры Қайрат Еламанов "қазір Ресейден көлік сатып алу тиімді ме?" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бекнұр Несіпбаев Алматыда өткен брифингте теңге бағамын бақылап отырғанын жеткізді.

"Менің ойымша, 2015 жылы жіберілген қателіктер қайталанбайтын шығар. 2015 жылы рубль құнсызданып, теңге нығайды, сәйкесінше, осының аясында көлікті Ресейге барып, сатып алу тиімді болды. Қазір рубль құнсызданып, онымен бірге теңге де құлдырап жатқанын көріп отырмыз. Тиісінше, егер арақатынас 5-тен 6-ға дейін болса, онда Ресейге барудың қажеті жоқ. Егер одан төмен болса, әрине, қаражат Ресей Федерациясына кетеді", - деді Бекнұр Несіпбаев.

Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының стратегиялық даму жөніндегі директоры Қайрат Еламанов 2015 жылы теңгені ұстап тұру кезінде көлікпен айналысатын компания 30% кірісін жоғалтқанын жеткізді.

"Ел үкіметі бұл жолы мұндай қателік жібермейді деп сенемін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957721-qazir-reseiden-kolik-alyp-kelgen-tiimdi-me-sarapsylar-pikir-bildirdi/