Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстандағы жанармай бағасына әсер ете ме

Опубликовано:

Жанармай бекеті
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстандағы жанармай бағасына қалай әсер ететінін айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өздеріңіз білесіздер, қазір бізде мұнай бағасы белгіленген, реттеліп отыр. Ішкі нарықтағы мұнай бағасының әлемдік бағамен ешқандай байланысы жоқ. Тіпті халықаралық баға өссе де, іштегі бағаға тікелей әсері болмайды. Біз іштегі баға өседі деп күтіп отырған жоқпыз", - деді ол.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, елдегі мұнай өнімдері өз шикізатымыздан әрі өз зауыттарымызда өңделетіндіктен, сыртқы нарықтағы бағаға тәуелді емес.

Сыртқы нарықта жыл басында мұнайдың бағасы 80 доллардан төмен болса, қазір 100-ден асып тұр, дейді ол. Ал іштегі баға өзгермеген.

"Тарихи өлшеммен қарасақ та халықаралық нарықтағы экспорт бағасы мен мұнай өнімдерінің ішкі бағасының арасында корелляция жоқ. Себебі біз жанармайды өз мұнайымыздан, өз зауыттарымызда өндіреміз. Егер импорттаған болсақ, шынымен де өте қатты тәуелділік болар еді. Бірақ біз өзіміз өндіреміз. Яғни, бізде ішкі бағаны ұстап отыру мүмкіндігі бар", -деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957786-munaidyn-qymbattauy-qazaqstandagy-zanarmai-bagasyna-aser-ete-me/

pixel