Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық Банк пен "Қазақстан қор биржасы" теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сауда-саттық 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

"Бұл уақытша шаралар, олар жоғары дәрежедегі белгісіздікті әрі валюта нарығы мен ел ішіндегі қаржы тұрақтылығына сыртқы геосаяси факторлардан келетін қысымды барынша азайту қажеттілігін айқындайды", - дейді Ұлттық банктен.

Сонымен қоса, ведомство Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру мәселесін қарауы мүмкін екенін атап өтті.

Бұл қазіргі сәтте сыртқы қаржы нарықтарындағы аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне байланысты болып отыр.

Одан бөлек, Ұлттық банк бұдан былай теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық туралы ақпарат ресми байланыс арналары арқылы уақытылы хабарланатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958321-ulttyq-bank-pen-qazaqstan-qor-birzasy-birlesken-malimdeme-zasady/

pixel