Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бірқатар ақша айырбастау пункттері долларды сатуды және сатып алуды тоқтатты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының бірқатар ақша айырбастау пункттері АҚШ валютасын сату және сатып алуды тоқтатты.

Kurs.kz хабарлауынша, 28 ақпан, сағат 09:50-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарының жартысы доллар сату және сатып алуды жүргізіп жатқан жоқ.

Тек бірнеше айырбастау пунктінде АҚШ валютасын сатып алуға болады.

Ал Нұр-Сұлтанда доллар бір ғана айырбастау орнында сатылуда. Қалған жерлерде шетелдік валюта қолжетімді емес.

Дәл осы жағдай еуроға да қатысты болып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық Банк пен "Қазақстан қор биржасы" теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Сауда-саттық 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958333-almaty-men-nur-sultandagy-birqatar-aqsa-aiyrbastau-punktteri-dollardy-satudy-zane-satyp-aludy-toqtatty/

pixel