Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірқатар қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар сатып алу мүмкін болмай тұр

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан мен Алматының және өзге де қалалардың ақша айырбастау орындары долларды сату және сатып алу процедурасын тоқтатты.

28 ақпан сағат 10-40-тағы жағдай бойынша Kurs.kz порталында барлық бағанада "USD" деп жазылып тұр.

Бұл АҚШ валютасын елде сату және сатып алу мүмкін емес екенін білдіреді.

Курс
Скриншот: kurs.kz

Айта кетсек, 28 ақпан, сағат 09:50-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарының жартысы доллар сату және сатып алуды тоқтатқан еді.

Курс
Скриншот: kurs.kz

Ал Нұр-Сұлтанда доллар бір ғана айырбастау орнында сатылған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық Банк пен "Қазақстан қор биржасы" теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Сауда-саттық 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958348-elimizdin-birqatar-qalasynda-aqsa-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-satyp-alu-mumkin-bolmai-tur/

pixel