Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көріп отырсыздар": Вице-министр валюта бағамына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов мәжілісте алдағы уақытта валюта бағамы тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтінін мәлімдеді, деп жазады Қазақпарат.

"Ұлттық банк қажетті шараны қабылдады, оны көріп отырсыздар. Бүгін таңертең ақпарат таратылып, сауда-саттық қалай жүргізілетіні жарияланды. Менің ойымша, бастапқы кезеңде қандай да бір спекулятивті реакция болса да, кейіннен бағам тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады", - деді ол.

Айта кетейік, Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, сауда-саттық 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958406-korip-otyrsyzdar-vice-ministr-valyuta-bagamyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel