Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар қор биржасында тағы арзандады

Опубликовано:

теңге 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандық қор биржасында доллар бағамы тағы да төмендеді. Қазіргі өзекті мәліметтерді KASE сайты ұсынып отыр.

Бүгінде доллардың орташа бағамы 485, 53 теңге болып отыр, таңертеңгілік сауда-саттықтан бастап ұлттық валюта 9,47 теңгеге нығайды.

NUR.KZ сайтындағы айырбастау курсы бетіндегі деректерге сәйкес, 1 наурыз күні Нұр-Сұлтан айырбастау нүктелерінде доллар 490-496 теңгеден сатылып, 480-490 теңгеден сатып алынып жатыр.

Алматы айырбастау орындарында сату 487-497, ал сатып алу 481-488 теңге.

Айта кетейік, таңертең биржада доллар 494,74 теңгеге дейін түскен еді. Күндіз ол құлдырауын жалғастырды. Осылайша, күндіз доллар бағамы 487,75 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958700-dollar-qor-birzasynda-tagy-arzandady/

pixel