Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде азық-түлік сәуірге дейін қымбаттамайтын болды

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елде азық-түлік сәуірге дейін қымбаттамайды. Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, қазір бағаны бірден көтеретіндей тапшылық жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстан өзін азық-түлік тауарларымен толықтай қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру қорларында 27,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сақтаулы тұр.

Оның ішінде ұн, қант, макарон, күріш және тағы да басқа көкөніс өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасалды. Сауда желілері одағының дерегі бойынша, ритейлерлер қормен кем дегенде 30 күнге қамтамасыз етілген. Яғни, министрлік атап өткен келісімшарт бойынша сәуір айына дейін әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттамауға тиіс.

Дегенмен, шенеуніктер кішігірім дүкендерге өнім қымбатқа сатылып жатқанын мойындап отыр. Бассыздыққа жол бермес үшін әкімдіктер әдеттегідей сауда үстемесін 15 пайыздан асырмауға барымызды саламыз деп отыр.

Айта кетейік, Тұрақтандыру қорында қазір 11,5 мың тонна ұн, 3,8 мың тонна қант, 1,5 мың тонна макарон өнімдері, 45,7 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна пияз секілді әлеуметтік маңызы бар тауар сақтаулы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958969-elde-azyq-tulik-sauirge-deiin-qymbattamaityn-boldy/

pixel