Елімізде доллар 505 теңгеге дейін қымбаттады
Опубликовано:

Елімізде ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 505 теңгеге дейін өсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Kurs.kz сайтының дерегінше, Алматыда бір АҚШ доллары 502-505 теңгеден сатылуда, сатып алу 495-499 теңгені құрап отыр.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының кей ақша айыбастау орындарында доллар 502 теңгеден сатылып жатыр
Шымкент қаласының ақша айырбастау орындарында бір доллар 501-503 теңгеден сатылса, сатып алу 495-497 теңгеге аралығында.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің ұлттық валютасы Қазақстан қор биржасында аздап нығайғанын жазған едік.
3 наурыздағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бір доллар 489,57 теңгені құраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959115-elimizde-dollar-505-tengege-deiin-qymbattady/