Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің қор биржасында доллар 500 теңгеге дейін көтерілді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның қор биржасында америкалық валютаның өсуі байқалады. Ресми дәлелдерді KASE ресми сайты ұсынып отыр.

Күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың биржадағы орташа бағамы 499,20 теңгені құрап отыр. Бір тәулікте америкалық валюта 5,77 теңгеге қымбаттады.

NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы бетіндегі ақпаратқа сәйкес, елдегі айырбастау нүктелері мен банктерде баға төмендегідей:

Нұр-Сұлтанда доллар 498-514 теңгеден сатылып, 492-506 теңгеге сатып алынып жатыр;

Алматыда сату-498-514 теңге, ал сатып алу бағасы -492-510 теңгені құрап отыр.

Шымкентте де осы бағалар өзекті - сату бағамы 498-514 теңге, сатып алу бағамы - 492-506 теңге.

Айта кетейік, таңғы сауда-саттықтан кейін Қазақстандағы доллар бағамы 497 теңгеден асты. Күндіз айырбастау нүктелерінде "америкалық" 514 теңгеге дейін көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959335-eldin-qor-birzasynda-dollar-500-tengege-deiin-koterildi/

pixel