Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қор биржасында доллар 501 теңгеден асып кетті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның қор биржасында доллар тағы да қымбаттады. Тиісті деректерді KASE ресми сайты келтіріп отыр.

Таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 501,64 теңгені құрап отыр. Яғни, америкалық валюта екі теңгеге қымбаттады.

Еске салайық, таңертең Қазақстанның ақша айырбастау нүктелері доллар сатуды тоқтатты. Ал сауда-саттықты жалғастыраған айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 520-521 теңгені құрады.

Жақында қор биржасында доллар курсы 500 теңгеден төмен болған еді.

Айта кететін жайт, халықаралық S&P рейтинг агенттігі екінші жартыжылдықта ұлттық валютаның нығаятынын болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959472-qazaqstannyn-qor-birzasynda-dollar-501-tengeden-asyp-ketti/

pixel