Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің ақша айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 525 теңгеге жетті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

KASE-тегі таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша бір доллар құны 501 теңгеден асты. Осыған байланысты америкалық валюта қазақстандық айырбастау нүктелерінде күрт қымбаттап кетті.

Доллар бір тәулікте шамамен 2 теңгеге қымбаттады, осылайша 5 наурыз күні таңертең ресми бағам бойынша 501, 64 теңге болды.

NUR.KZ айырбастау бағамы бетіндегі ақпаратқа сүйенсек, қазір екінші деңгейлі банктер долларды төмендегідей бағада сатып жатыр:

  • Нұр-Сұлтанда долларда банктен 508-518 теңгеге сатып алуға, 505-511 теңгеге сатуға болады;
  • Алматыда банктер долларды 508-517 теңгеге сатып, 505-511 теңгеге сатып алып жатыр. Ал айырбастау нүктелерінде баға әжептәуір жоғары. Мұнда долларды 522-525 теңгеге сатып алып, 516-519 теңгеге сатуға мүмкіндік бар;
  • Шымкент банктерінде доллар 508-517 теңгеге сатылып, 505-511 теңгеге сатып алынып жатыр.

Ал қазақстандық айырбастау нүктелерінде баға айтарлықтай жоғары.

Мәселен, Kurs.kz порталындағы деректерге сәйкес, Алматыдағы айырбастау нүктелері долларды 523-525 теңгеге сатып, 515-519 теңгеге сатып алып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда долларды шамамен 521-522 теңгеге сатып алуға болады. Алайда, портал ұсынған ақпаратқа сенсек, қазір елордадағы көптеген айырбастау нүктесі шетелдік валютаны сатуды тоқтатқан. Бірақ, долларды олар 515-516 теңгеден қабылдауда.

Шымкентте шамамен барлық айырбастау нүктесі доллар саудасын тоқтатқан. Америкалық валютаны тек бір нүктеден алуға болады, мұнда бір доллар 520 теңге тұрады. Үшінші мегаполис тұрғындары долларды 510-517 теңгеден сата алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959477-eldin-aqsa-aiyrbastau-nuktelerinde-dollar-bagasy-525-tengege-zetti/

pixel