Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында доллар 503 теңгеге дейін өсті

Опубликовано:

Шетел валютасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы өсті, деп хабарлайды KASE-тың ресми сайты.

Қазіргі уақытта АҚШ валютасы 503,30 теңгені құрап отыр. Жарты күнде доллар 2 теңгеге қымбаттаған.

Таңғы сессияда бір доллар 501,64 теңге болған еді. Осылайша, кешегі тәуліктен бері доллардың орташа бағамы 3,58 теңгеге өскен.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша қазір:

Нұр-Сұлтанда бір долларды сатып алу 492-513 теңге аралығында. Ал сату 498-518 теңге.

Алматыда сатып алу 492-516 теңге аралығында болса, сату 498-522 теңге аралығында.

Ал Шымкентте АҚШ валютасын 492-513 теңгеге сатып алып, 498-518 теңгеге сатуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір ақша айырбастау пункттері доллар сатуды тағы да тоқтатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959522-qazaqstan-qor-birzasynda-dollar-503-tengege-deiin-osti/

pixel