"Сауда-саттық 15:00-де ашылады": Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" бірлесіп мәлімдеме жасады
Опубликовано:

Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ бірлесіп, теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.
"Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Одан бөлек, ведомство бұдан былай теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық туралы ақпарат ресми байланыс арналары арқылы уақытылы хабарланатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959781-ulttyq-bank-pen-qazaqstan-qor-birzasy-birlesken-malimdeme-zasady/