Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында еуро бағамы 600 теңгеден асып кетті

Опубликовано:

Еуро1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандық ақша айырбастау орындарында еуро бағасы 600 теңгеден асып кетті.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер еуроны 560-568 теңгеге сатып алып, 572,9-590 теңге аралығында сатуда.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматының айырбастау пункттері еуроны 602-605 теңгеден сатып, 595-598 теңге аралығында сатып алып жатыр.

Алматыдағы курс
Скриншот: kurs.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Алматымен салыстырғанда еуро бағамы төмен. Елордада еуроны 587-592 теңгеге сатып алып, 570-585,1 теңгеге сатуға болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау курсы
Скриншот: kurs.kz

Одан бөлек, астанада қазіргі уақытта көптеген ақша айырбастау пункті еуро сатуды тоқтатқан дейді Kurs.kz сайты.

Шымкенттегі курс
Скриншот: kurs.kz

Ал Шымкентте бір еуроны 562-575 теңге аралығында сатып алып, 568-570 теңгеге сатуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960201-almatydagy-aqsa-aiyrbastau-oryndarynda-euro-bagamy-600-tengeden-asyp-ketti/

pixel