Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасын әзірлеу рәсімі қашан аяқталады

Опубликовано:

авто салон
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында жеңілдетілген автокредит бағдарламасын әзірлеу рәсімі сәуір айының соңына дейін аяқталатынын хабарлады.

Ведомство Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы үшін сондай-ақ, автобустар паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеп жатқанын атап өтті.

Бұл бағдарлама "Жасыл Даму" акционерлік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Министрліктің мәліметінше, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды.

Одан бөлек, облыстардағы автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.

"Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында.

Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімді аяқтау жоспарланып отыр", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Айта кетейік, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 0%, несие мерзімі 7 жылға дейін. 1 автокөлікті сатып алу үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961207-qazaqstanda-zenildetilgen-avtokredit-bagdarlamasy-qasan-bastalady/

pixel