Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға арналған сайт ақаумен жұмыс істеп тұр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

"Отбасы банкі" АҚ-ның баспасөз қызметі зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін берілген өтінішті рәсімдеуге арналған сайттың ақаумен жұмыс істеп тұрғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өтініштердің көп болуына байланысты enpf-otbasy.kz платформасының жұмысында ақау байқалады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген банктің мәлімдемесінде.

Осы ретте, "Отбасы банкі" мәселені шешу үшін қазір штаттағы IT-мамандар жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, биыл 1 сәуірден бастап зейнетақы шотынан ақша алу үшін жеткілікті шек сомасы шамамен екі есеге өседі.

Бастапқыда шекті соманы 2022 жылдың басында көтеру жоспарланған еді, алайда халықтың шағымынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұны төрт айға кейінге шегеруді тапсырды.

Айта кетсек, өткен жылдың басынан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға және инвестициялық портфель басқарушыларына беруге мүмкіндік алған болатын.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін қалай өтініш беру керек екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961254-zeinetaqy-zinaqtaryn-merziminen-buryn-aluga-arnalgan-sait-aqaumen-zumys-istep-tur/

pixel