Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баға қатты өседі деп ойламаймын": Жұманғарин баспана бағасы туралы сауалға жауап берді

Опубликовано:

Құрылыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында баспана бағасы өсуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп жазады КAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Жұманғарин баспана бағасы көбіне геосаяси жағдайға байланысты болатынын айтты.

"Қазір тұрғын үй нарығындағы ахуал ағымдағы экономикалық жағдайға байланысты болуы мүмкін, өйткені азаматтарды сыртқы нарықта болып жатқан оқиғалар алаңдатады", - деді ол.

Спикердің сөзінше, оның ведомствосы баспана нарығындағы жағдайға мониторинг жасап отырады.

"Мен баға қатты өседі деп ойламаймын, себебі ол кез келген жағдайда халықтың сатып алу қабілетіне байланысты болады", - деді Жұманғарин.

Еске сала кетсек, бұған дейін теңгенің құлдырауы салдарынан еліміздегі банктердің ипотека шарттарына қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.

Сонымен қатар, қазақстандықтарды баспана кезегіне тіркейтін платформа өзгергенін жазған болатынбыз.

"Отбасы банкі" АҚ хабарлауынша, енді жергілікті әкімдіктер, қазақстандықтарды баспана кезегіне Kezekte.kz цифрлық платформасы арқылы тіркейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961278-baga-qatty-osedi-dep-oilamaimyn-zumangarin-baspana-bagasy-turaly-saualga-zauap-berdi/

pixel