Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар бағамы 495,43 теңгеге дейін төмендеді

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған соңғы мәліметтерге сәйкес, доллардың орташа бағамы төмендеді.

24 наурыз күні сағат 15:40-тағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 495,43 теңге болды.

18 наурыздағы KASE-тегі соңғы сауда-саттық қорытындысынан кейін доллар 9,93 теңгеге арзандады. Ал соңғы айда АҚШ валютасы 61,31 теңгеге қымбаттап кеткен болатын.

Сонымен қатар, NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы бетіндегі ақпаратқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктер Қазақстанда долларды мынадай бағалар бойынша сатып\сатып алуда:

  • Алматыда долларды 490-500 теңгеден сатып алып, 497-505 теңгеден сатуда;
  • Нұр-Сұлтан банктері долларды 490-496 теңгеден сатып алып, 499,5-502 теңгеге сатып жатыр:
  • Шымкентте банктер долларды 490-496 теңгеге сатып алып, 499,5-502 теңгеге сатуда.

Ал kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, ақша айырбастау орындарында доллар бағасы мынадай:

  • Алматы: долларды 490-494 теңгеге сатып алып , 496-500 теңгеден сатып жатыр;
  • Нұр-Сұлтан: долларды 489-495 теңгеге сатып алып, 495-501 теңгеден сатуда;
  • Шымкент: долларды 490-494 теңгеге сатып алуда, ал сату құны - 496-497 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961985-elimizde-dollar-kursy-49543-tengege-deiin-tomendei-tusti/

pixel