Қазақстанда доллар шамамен 5 теңгеге арзандады
Опубликовано:

Елімізде ұлттық валюта нығая түсті. Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде бір доллар 5 теңгедей арзандаған, деп хабарлайды KASE.
Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша бір доллар 484,49 теңгені құраған.
Күндіз АҚШ валютасы 4,61 теңгеге, жалпы бүгін 9,77 теңгеге арзандаған.
NUR.KZ сайтындағы ақша айырбастау туралы деректерде Алматыдағы екінші деңгейлі банктер долларды 484-488 теңгеден сатып жатқаны, сондай-ақ 478-484 теңгеден сатып алып жатқаны көрсетілген.
Ал астаналықтар банктерде бір долларды 484-488 теңгеден сатып алса, 478-482 теңгеден сата алады.
Айта кетсек, 28 наурыз күні таңертең Қазақстан қор биржасында бір АҚШ валютасы 489, 10 теңге тұрған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962437-qazaqstanda-dollar-samamen-5-tengege-arzandady/