Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар 10 теңгеге арзандады

Опубликовано:

АҚШ доллары
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасында доллар тағы да арзандады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таңғы нарықта доллардың бір данасы орта есеппен 473,61 теңгеге саудаланып жатыр. Осылайша, АҚШ валютасы бір тәулікте 10,13 теңгеге арзандады.

28 наурыздағы кешкі саудада доллар 483,74 теңгеге сатылған. Айта кетейік, кеше де АҚШ валютасы 10 теңгеге арзандаған еді.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша қазір:

  • Алматыдағы екінші деңгейлі банктер долларды 475-484 теңгеден сатып, 469-478 теңгеден сатып алуда.
  • Нұр-Сұлтан тұрғындары долларды қаржы ұйымдарынан 477-478 теңгеден сатып алып, 471-472 теңгеден сатуда.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау орындарында АҚШ валютасы 469-475 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал сатып алу бағамы 464-469 теңге.

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 469-473 теңгеге сатылып, 463-468 теңгеге сатып алынуда.

Шымкентте сату – 475-476 теңге, сатып алу – 469-470 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962537-elimizde-dollar-10-tengege-arzandady/

pixel