Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар сәл қымбаттады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда-саттықтан кейін доллардың сәл қымбаттағаны байқалды. Бұған KASE ресми сайтындағы деректер дәлел, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сауда-саттықтың жабылуында доллардың орташа бағамы 459,15 теңгені құрады. Ал күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ валютасы 11,44 теңгеге арзандап, 458,76 теңгені құраған еді.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша Алматыда екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындары АҚШ валютасын 454-464 теңгеден сатып алып, 460-470 теңгеден сатып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда олар долларды 457-460 теңгеден сатып алып, 465-467 теңгеден сатуда.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындары америкалық валютаны 457-460,3 теңгеден сатып алып, 463-466 теңгеден сатып жатыр. Ал елордалық ақша айырбастау нүктелері бір долларды 462-463 теңгеден сатып алып, 467-469 теңгеден сатуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962843-elimizde-dollar-azdap-qymbattady/

pixel