Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды
Опубликовано:

Қаржы мониторингі агенттігі "Delta Bank" акционерлік қоғамы топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Н.Тілеубаев ("Forbes" журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кірген) 2012-2017 жылдары аралығында қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарған.
Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының бағасы 48 млрд теңгеден асатын 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлкі және 40 автокөліктің бұғатталғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, күдіктілердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Ресейдегі, Латвия мен Чехиядағы активтері бұғатталған.
Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиардтан астам теңгені, 200 миллион долларды және 4 миллион еуроны құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберіліп, іс фигуранттары қамауға алынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962913-delta-bank-top-menedzerlerine-qatysty-tergeu-ayaqtaldy/