Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қорынан "Отбасы банкіне" бес теңгесін аударғысы келген адам да болған

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы" артылған ақшасын "Отбасы банкіне" аудару үшін өтініш бергендер арасында ақылға қонымсыз соманы көрсеткен адамдар да болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Отбасы банктің" мәліметінше, мәселен, 161 салымшы 40 теңге мен 2 мың теңге, 600-ден астам салымшы 200 миллион теңге мен 6 миллиард теңге аралығындағы қаражатқа өтініш жіберген. Сонымен қатар бес теңгесін аударғысы келген қазақстандық та кездескен.

Банк қызметкерлері ақылға қонымсыз сомаға өтініш берген ел тұрғындарының кесірінен көп уақыт жоғалтқандарын атап өтті.

Телеарнаның дерегінше, наурыз айында "Отбасы банкіне" жинақтың бір бөлігін жіберуге асыққан отандастарымыздың саны 870 мыңнан асқан. Соның 400 мыңға жуығы қаражатты өз мақсатына жұмсаған. Көбісі қордағы ақшасын депозитке салған және ипотека арқылы үй алуға пайдаланған.

200 мыңнан астам адам жинағын ем-домына жаратқан. Ал құрылыс пен жер телімін алуға ниет білдіргендердің үлесі аз болған.

Айта кетейік, бүгін, 1 cәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражаттың шекті мөлшері екі есеге дейін өседі. "Отбасы банкі" бұған қарамастан салымшылардан өтінішті бұрынғыдай қабылдай беретіндерін мәлімдеді.

"Қоғамда қауесет жүр: "1 сәуірден бастап адамдар зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмай қалады" деген. Негізінде олай емес. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді. Тек қана жеткілік шегі өседі. 29 наурызға дейін өтінішін бізге жолдап үлгерген азаматтың өтінішін екі жұмыс күні ішінде қарастырып, БЖЗҚ-ға жібереміз. 31 наурыздың 23:59 уақытына дейін қорға түскен қаражат қазіргі шекті мөлшермен есептеледі", - дейді "Отбасы банк" акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Жанар Жолтаева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1963051-zeinetaqy-qorynan-otbasy-bankine-bes-tenge-audargan-qazaqstandyq-bolgan/

pixel