Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы" банкіндегі депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлене ме

Опубликовано:

Зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Ұлттық банктің сайтында Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты қазақстандық салымшылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап жарияланды.

Ұлттық банктің мәліметінше, бағдарлама туралы үкімет пен Ұлттық банктің 2022 жылғы 24 ақпандағы бірлескен мәлімдемесінде айтылған болатын. Мұнда жинақты теңгемен сақтайтын салымшылар үшін салым сомасының 10 пайызы көлемінде мемлекеттен өтемақы немесе сыйақы төлеу қарастырылған. 

Бағдарламаның қолдану бойынша барлық мәселені реттейтін нормативтік-құқықтық акт жобасы әзірленген. Енді келісім алып, әрі қарай бекіту үшін үкіметке жолданған. Жақын арада құжат бекітіледі және жарияланады деп күтілуде. 

Осы құжат жобасының негізінде ҚҰБ сайтында салымшылардың бағдарламаға қатысатын депозиттерді мерзімінен бұрын шешіп алу, толықтыру, жабу, өтемақы сомасын есептеу, салымдар мерзімін ұзарту туралы сұрақтарына алдын ала жауаптар топтастырылды.

Бағдарлама:

  • жинақ депозиттеріне;
  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдарына;
  • "Отбасы" банкіндегі салымдарға;
  • мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы салымдарға қолданылады.

Бағдарлама ағымдағы және карталық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі және шартты депозиттерге қолданылмайды.

Депозиттің банкте 2022 жылғы 23 ақпаннан 2023 жылғы 24 ақпанға дейін, яғни бағдарлама жарияланған уақыттан бастап 12 айдан кем емес уақытта сақталуы – өтемақы төлеудің міндетті талабы болып отыр.

Алдын ала белгілі болған деректер бойынша, бағдарлама қолданылатын шоттардың 93 пайызы 3 млн теңгеден аспайтын салымдар, оның ішінде 84 пайызы 1 млн теңгеге дейінгі салымдар.

Алдын ала бағалауға сәйкес, салымшыларға өтемақы төлеу бойынша шығын көлемі шамамен 550 млрд теңгені құрайды. Өтемақыға жұмсалатын шығын бюджет есебінен төленеді және ол банктердің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1963179-otbasy-bankindegi-depozitterge-10-paiyz-otemaqy-tolene-me/

pixel