Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Биыл елімізде зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы индекстеледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индекстелетінін сұрады.

"Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индекстеледі", - дейді Қуантыров.

Министр индекстеу шамамен қашан жасалатынын да айтты.

"Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент "республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады. Шамамен маусым-шілде айлары", - дейді Әлібек Қуантыров.

Айта кетсек, бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылаған болатын. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10 пайызға дейін көтерілді.

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1963557-elimizde-zeinetaqy-men-zardemaqy-molseri-osedi/

pixel