Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несие тарихындағы қателіктерді қалай даулауға болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Несиесі бар немесе төленіп біткен азаматтардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында арнайы медиапортал іске қосылды. Ол арқылы несие тарихындағы қателіктерді даулауға болады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттік және бірінші кредиттік бюролармен бірлесе ашқан fingramota.kz сайты арқылы кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтан даулауға болады.

Сонымен қатар, бұл процесті, мемлекеттік кредиттік бюро сайтының "ақпаратты қалай даулауға болады" бөлімінен, бірінші кредиттік бюро сайтының "ақпаратты даулау" бөлімінен іске асыруға мүмкіндік жасалған.

Қызметтің азаматтарға тегін көрсетіледі және өтінімдер онлайн режимде қабылданады.

"Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде өңделеді. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың ақпараты негізінде өтініш берушіге кредиттік бюродан алынған тиісті нәтиже жіберіледі", - делінген агенттіктің мәліметінде.

Айта кетейік, ақпарат дұрыс емес деп танылып, кредитор түзетулер енгізген жағдайда, бұл өзгерістер өтініш берушінің кредиттік есебінде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1964246-nesie-tarixyndagy-qatelikterdi-qalai-daulauga-bolady/

pixel