Қазақстанда доллар қайта қымбаттады
Опубликовано:

Бүгін, 11 сәуірде Қазақстанның қор биржасында доллар қайта қымбаттады. Оған KASE ресми сайтындағы күндізгі сауда-саттық нәтижелері дәлел.
Соңғы сауда-саттықтан кейін америкалық бір валюта 3,49 теңгеге көтеріліп, 449,53 теңгені құрады.
NUR.KZ айырбастау бағамы парақшасындағы деректерге сәйкес, елдің екінші деңгейлі банктерінде доллар саудасы келесі курстар бойынша жүзеге асырылуда:
Нұр-Сұлтандағы банктер долларды 448-450,5 теңгеге сатып алып, 456-458 теңгеден сатуда. Алматыда бір америкалық валютаны олар 448-452,5 теңгеге сатып алса, сату бағасы 456-458 теңгені құрап отыр.
Ал Kurs.kz порталының дерегіне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау нүктелері долларды 457,5 теңгеден сатып, 451,5 - 456 теңгеден сатуда.
Елордалық айырбастау орындарында доллар 455-457 теңгеден сатылып жатыр. Нүктелер америалық валютаны 449-453,5 теңгеден сатып алуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1964487-qazaqstanda-dollar-qaita-qymbattady/