Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар қайта 450 теңгеге көтерілді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы қайтадан көтеріліп, 450 теңгеге жетті. Мұндай деректерді Kase.kz ресми сайты ұсынып отыр.

13 сәуірдегі күндізгі сауда-саттықтан кейін АҚШ валютасының орташа бағамы 450,17 теңгені құрады. Осылайша доллар бағасы 0,54 теңгеге өскен.

NUR.KZ сайтындағы валюта бағамы туралы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының екінші деңгейлі банктерінде доллар 445-450 теңге бағамында сатып алынып, 452-456 теңге аралығында сатылып жатыр.

Сондай-ақ Kurs.kz порталының хабарлауынша, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 450-452,5 теңгеден сатып алынып, 453-455 теңге аралығында сатылуда.

Айта кетейік, 12 сәуірде үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ресейлік банктер мен олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарына қатысты енгізілген санкциялар қазақстандық банктерге әсер етпейтінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1964871-qazaqstanda-dollar-qaita-450-tengege-koterildi/

pixel