Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жыл басынан бері 503 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекке қатысты соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлі мәліметінше, биыл қаңтар – наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінгені белгілі болды.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалмақ

"Атаулы әлеуметтік көмеккөрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 тоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды.

Бұл ретте жаңа алушылар үшін электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.

  • Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1966307-qazaqstanda-zyl-basynan-beri-503-mynnan-astam-qazaqstandyq-atauly-aleumettik-komek-aldy/

pixel