Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар қор биржасында 4 теңгеге қымбаттады

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесінде америкалық валютаның құны артты. Тиісті деректертер KASE ресми сайтында жарияланды.

Доллар соңғы сайда-саттықтан кейін 4,17 теңгеге көтеріліп, 448,23 теңге болды.

NUR.KZ айырастау курсы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, екінші деңгейлі банктерде доллар айырбастау келесі бағамдар бойынша жүргізілуде:

Нұр-Сұлтанның 2-деңгейлі банктері бір америкалық валютаны 443,9-446 теңгеден сатып алып, 452-453,5 теңгеден сатып жатыр.

Алматыда олар долларды 443,9-449,5 теңгеден сатып алса, сату құны 452-453,5 теңгені құрайды.

Ал Шымкентте екінші деңгейлі банктер долларды 443,9-446 теңгеден сатып алып, 452-453,5 теңгеден сатуда.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырастау нүктелерінде долларды 452-455 теңгеден сатып алып, 448-450 теңгеге сатуға болады.

Елордадағы айырбастау орындарында долларды 445-448 теңгеден сатып, 449-451 теңгеден сатып ала аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1966697-dollar-qor-birzasynda-4-tengege-qymbattady/

pixel