Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында теңге бағамы нығайды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы сауда-саттықтан кейін америкалық валютаның құны төмендеді. Доллар 3,91 теңгеге арзандады. Мұндай деректерді Қазақстан қор биржасының ресми сайты жариялады.

Қазіргі уақытта доллар курсы 449,55 теңгені құрап отыр. 26 сәуір күні кешкі сауда-саттық нәтижесі бойынша бір доллар 453,46 теңге болған еді. Ал бүгін "америкалықтың" құны 3,91 теңгеге төмендеді.

NUR.KZ айырбастау бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, елдегі екінші деңгейлі банктер мен айырбастау орындарында доллар саудасы келесі бағамдар бойынша жүргізілуде:

  • Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер мен айырбастау нүктелері долларды 444-445 теңгеден сатып алып, 451-455 теңгеден сатуда;
  • Алматыда олар бір амеркиалық валютаны 444-451 теңгеден сатып алса, сату бағасы 451-457 теңгені құрап отыр.
  • Шымкентте болса, тұрғындар долларды 444-445 теңгеден сатып, 451-455 теңгеден сатып ала алады.

Kurs.kz порталының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның айырбастау нүктелері долларды орташа 445-450 теңгеден сатып алып, 451-453 теңгеден сатуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1967092-qazaqstan-qor-birzasynda-tenge-bagamy-nygaidy/