Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар 4 теңгеге арзандады

Опубликовано:

доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 3 мамырдағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар 4 теңгеге арзандады. Шетел валютасының орташа бағамы 441,64 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының ресми сайты.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 441,64 теңге болды.

Жұма күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірлігіне 445,62 теңге болғанын ескерсек, ағымдағы бағаммен айырмашылығы 3,98 теңгені құрап отыр.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша, екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындарында доллар төмендегідей саудалануда:

  • Нұр-Сұлтан: сатып алу – 436-438 теңге, сату – 442-446,5 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 436-445 теңге, сату – 442-450 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 436-438 теңге, сату – 442-446,5 теңге.

Сондай-ақ Kurs.kz порталының мәліметінше, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 438-442 теңгеден сатып алынып, 443,5-450 теңге аралығында сатылуда.

Алматының ақша айырбастау орындарында сату – 446-447,5 теңге, сатып алу – 440-444 теңге.

Шымкенттегі ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы келесідей: сату – 445,5-446,7 теңге, сатып алу – 443-444,5 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1967812-elimizde-dollar-4-tengege-arzandady/

pixel