Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшерін жария етті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында былтырғы жылмен салыстырғанда қазақстандықтардың орташа жалақысы 23,7 пайызға өскен. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 285 433 теңге болған.

2021 жылдың осы тоқсанмен салыстырғанда атаулы жалақы индексі 23,7 пайызды, ал нақты жалақы индексі 12,7 пайызды құраған.

Осы ретте, бюро бұл статистиканың кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай жасалғанын атап өтті.

Салалар бойынша ең жоғары жалақы - тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (619,4 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (521,1 мың теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (416,4 мың теңге), ақпарат және байланыс саласында (415,5 мың теңге) тіркелген.

Ал ең төменгі жалақы - ауыл, орман және балық шаруашылығы (144,1 мың теңге) мен өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (169,6 мың теңге) тіркелген.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы - Атырау облысында (477,9 мың теңге), ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (203,4 мың теңге) тіркелген.

"Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есептері негізінде есептеледі.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салық пен басқа да ұстап қалынатын сомаларды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып жасалады" , - дейді ҰСБ Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Статистика
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1968035-ulttyq-statistika-byurosy-qazaqstandyqtardyn-ortasa-zalaqy-molserin-zariya-etti/

pixel