Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қысқы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл қашан салынады

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл мезгілі ауысып, ауа райы өзгере бастаған кезде жүргізушілер көліктерін белгілі бір қауіпсіздік талаптарына сай етіп жабдықтауы қажет. Талапты бұзған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Көлік сатып алған әрбір қазақстандық өзі және жол қозғалысына қатысатын басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін есте сақтаған жөн.

Көліктің жарамдылығын анықтау үшін техникалық байқау қолданылады. Алайда қозғалыс кезінде көліктің басқа да элементтері қауіп тудыруы мүмкін.

Мәселен, жыл мезгіліне сай келмейтін дөңгелектер қозғалыс кезінде қиындықтар тудырып, тіпті жол апатына түсуге себеп болуы ықтимал.

Дөңгелектерді қай кезде ауыстырады

Дөңгелектердің жыл маусымына сәйкестігі туралы ереже ЕАЭО-да 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 дөңгелекті көлік құралдарының бірыңғай техникалық регламентінде және стандартында бекітілген.

Техникалық регламенттің 5.5 пунктіне сәйкес көліктерге қысқы дөңгелектер 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін салынуы керек. Дегенмен көпшілік күн суыта бастағаннан-ақ апатты жағдайлардың алдын алу үшін дөңгелекті ауыстырып жатады.

Ал 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында қысқы дөңгелекпен жүрген қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін.

Қанша теңге айыппұл салынады

Бұған дейін Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасы техникалық регламенттерді сақтамағаны үшін қарастырылатын жаза мөлшері туралы хабарлаған болатын:

"Дөңгелектердің маусымға сәйкес келмегені үшін ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (2022 жылы 15 315 теңге – ред.) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған".

Сондықтан қазақстандықтар көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жарақтандырылуы жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрғысынан тиісті техникалық стандарттар, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарына сай болуы керектігін есте ұстағаны жөн.

Ал айыппұл арқаламас үшін көліктегі қысқы дөңгелектерді жазғысына ауыстыру немесе 1 маусымға дейін барлық мерзімге жарайтынын салу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1968312-elimizde-qysqy-dongelekpen-zurgen-zurgizusilerge-aiyppul-qasan-salynady/

pixel