Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк Батырхан Шүкеновтің құрметіне коллекциялық монеталарды айналымға шығарды (фото)

Опубликовано:

әнші
Фото: instagram.com/batyr.foundation

18 мамырда Ұлттық банк Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

Бүгін, 18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл.

Осы орайда Ұлттық банк әншінің құрметіне номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын шығарған. Бұл монеталар "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияға жатады.

"Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасын шығарудың мәні Батырхан Шүкенов пен заманауи өнерді ел есінде мәңгі қалдыру. Бұл – ұлттық банктің стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы", - дейді Ұлттық банктен.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының "Батыр бейнесі" граффитиі бейнеленген.

Авторлар оны монетаның дизайнында пайдалануға ұлттық банкке рұқсат берген.

монета
Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Фото: Ұлттық банк

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.

Ұлттық банк коллекциялық монеталар өзінің нақты құнына сай Қазақстан Республикасының аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша жарамды екенін атап өтті.

Сонымен бірге бұл монеталарды Қазақстан Республикасының банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1969840-ulttyq-bank-batyr-beinesi-kollekciyalyq-monetalaryn-ainalymga-sygarady-foto/

pixel