Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шағын несие беру жасын ұлғайту ұсынылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов микрокредит беру жасын 21-ге дейін өсіруді ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бүгін сенатта "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде конгресс басшысы маңызды мәселені көтерді.

Оның сөзінше, Қазақстанда лудомания мәселесі ушығып барады, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны артқан.

Қазіргі уақытта шамамен 350 мың қазақстандық құмар ойынға кіріп кеткен. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер.

"Мәселен, студенттер ойнаймын деп, микрокредит ұйымдарынан шағын несие алады. Алайда артынан тәуелді болып кетеді. Ал қарызды ата-анасы төлейді. Бұған қатысты біз микрокредиттерді беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз", - дейді Тоқтар Болысов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қаржы саласының маманы Ләйлә Нұрманова ақша жинаудың тиімді жолдарын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970315-elimizde-sagyn-nesie-beru-zasyn-ulgaitu-usynyldy/

pixel