Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсынысымызды айттық": Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Зейнеткерлер
Көрнекі фото: Kampus Production / Pexels

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сенат кулуарында кейбір қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай сауалды журналистер қойды. Олар кейбір қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі қай сатыда қаралып жатқанын сұрады.

"Маған әйелдер қозғалысының өкілдері келді. Олар өз ұсыныстарын, біз өз ұсынысымызды айттық. Оларға біздің ұсынысымыз ұнады, сол себепті қазір жұмыс тобы жұмыс істеуді жалғастырып, есеп-қисапты жасаудамыз.

Әрбір әлеуметтік қолдауға ақша керек екенін өздеріңіз де білесіздер. Біз тайм-аут алып, қандай нұсқа тиімдірек болатынын есептеп, қарастырамыз. Содан кейін сол әйелдермен бірлесіп, ақпарат береміз", - деді Тамара Дүйсенова.

Дегенмен ол қазіргі заңда азаматтар 50, 53 және 55 жаста зейнетке шыға алатын норма қарастырылғанын, яғни зейнетақы аннуитеті жөнінде айта кетті.

"Зейнетақы жинағына қатысты мәселелер бар. Қазір соны қарастырып жатырмыз", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметте алдағы уақытта Қазақстанда зейнет жасын төмендету мүмкіндігі талқыланатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970339-usynysymyzdy-aittyq-tamara-duisenova-zeinet-zasyn-tomendetuge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel